Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел 13 жыл бойы үйін жинамаған көршісінің өмірін түбегейлі өзгертті (фото)

Британияда не достары, не отбасы жоқ зейнеткер әйел 13 жыл бойы тазалық жасамай, пәтерін де жинастырмаған.

mini15

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Бірнеше жыл бойы жиылмаған үй іші сұмдық жағдайға кеп тірелген: барлық жер шаң-тозаң мен ласқа айналған. Алайда әйелдің өмірін мейірімді көршісі өзгертіп беріпті. Ол пәтерді толықтай жинастырып шығу үшін 60 сағатын жұмсаған.

Үш баланың анасы, 39 жастағы Люси Эйшен 21 жыл бойы егде әйелмен көрші болып тұрып келе жатыр екен. Алайда зейнеткердің пәтері қиын жағдайда тұрғанын ол жуырда ғана аңғарған.

Ол осылайша екі апта бойы көршісінің үйін тазалап, мүлде басқа баспанаға айналдырған.

156

Жатын бөлмесі: жинағанға дейін

230

Жатын бөлмесі: жинағаннан кейін

324

Ас бөлме: тазалыққа дейінгі көрініс

424

Ас бөлме: Тазалықтан кейінгі

514

“Мен үйден барлық затты шығарып тастадым десем де болады. Тек унитаз бен кереуетті ғана қалдырдым”.

613

Люси үйді жинап жатқан кезде, оның 14 жастағы қызы зейнеткермен әңгімелесіп, оның психологиялық қиындығын жеңілдетуге көмектескен.

711

Сондай-ақ, Люси әйелдің өзін де жуындырған. Оған қызы Руби көмектескен.

812

Қайырымды көрші әйелге теледидар да сыйлаған. Біраз жылдар бойы қаңырап тұрған үй іші көңілденіп, сәні кіре кеткен.

1115

Люси және қызы Руби.

1410

Люси мен оның көршісі тұратын үйдің сыртқы көрінісі.

Оқи отырыңыз:

Жапон фотографы тек адам мүсіндері жиналған қорқынышты ауылға тап болды (фото)

“Мисс Алматы – 2016” байқауында 18 жастағы бойжеткен жеңіске жетті (фото)

Салмағы 170 келі тартатын биші өзін ұнататын жігіттердің көп екенін айтты (фото)

Қолаң шашы тізеге түсіп жас кезіндегі сымбатын сақтаған 70 жастағы әжей елді таң қалдырды (фото)

Керемет шаш үлгісі бар 2 айлық сәби адамдарды таңқалдыруда (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың сіз көрмеген суреттері (фото)

Таңғажайып алып адамға айналғысы келген бодибилдер қауіпті тәжірибелер жасауда (фото)

 

Талқылау