Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық азамат азиатқа ұқсау үшін 50 млн теңгеден астам қаражат жұмсады

Британиялық блогер Оли Лондон K-pop жұлдызына ұқсау үшін пластикалық операцияларға шамамен 59 миллион теңге (100 мың фунт стерлинг) жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап.

Жігіт бірнеше пластикалық операция жасаған. Ол бүкіл дене липосакциясын, гиалурон қышқылы инъекциясы, бес ринопластика, бет сүйектерін кішірейту операцияларын жасады, иек сүйегін алып тастап, қайта өсірді, сонымен қатар көзі мен қасын тартқызды.

Ол тағы бір операция жасауға бекініп отыр. Бұл жолы – кантопластика, яғни көз формасындағы эстетикалық өзгеріс. Ол мұның бәрін корей жұлдызы, BTS тобының мүшесі Пак Чиминге ұқсау үшін жасап жатыр.

"Менің хирургым, доктор Фил маған осы жерден тоқтатып, өзімді қабылдайтын кез келгенін айтты. Бірақ мен тағы бірнеше қорытынды процедуралардан өтуім керек деп санаймын. Содан кейін аяқтаймын", – дейді Оли Лондон.

Маусым айында желі қолданушылары Оли Лондонды мәдени апроприация жасады деп айыптады. 

Ол өзін кәріс ретінде танығанша, өмірінің мәні болмағанын мәлімдеген.

Талқылау