Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиядағы “ең семіз оқушыны” арықтауға бел буған сәтінде жігіті тастап кеткен (фото)

Джорджия Дэвис пен оның жігіті Мэттьюдің махаббат хикаясы осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Ол кезде қыздың жасы жігітінен екі есе кіші, ал салмағы бес есе артық еді.

05d923df5a1069aab627e9d7223a793c__980x

Джорджия арықтау үшін алғаш рет барған спорт залында оның болашақ жігіті тазалаушы болып жұмыс істеген. Бойжеткеннің артық салмағы жігіттің оны сүйіп қалуына кедергі болмаған. Тіпті, екеуі бақытты жұп саналатын. Алайда жуырда ғашықтар айырылысып кетті. Жігіті Джорджияны арықтауға баса мән бергені үшін тастап кеткен.

2008 жылы 15 жастағы оқушы Британиядағы ең семіз оқушы саналатын. Салмағы 381 келіні құраған жасөспірім арықтауды армандап, осы бағыттағы түрлі телешоулардың басты кейіпкері болатын. Бүгінде Джорджия бойжеткен қызға айналып, тіпті, жігіттермен кездесе бастады. Алайда артық салмақтан арылу арманы оның жеке өміріне кедергі келтіруде, деп хабарлады Лайф.

1a8dfc91fabeedbdf54086ad57be3077__980x

Оның алғашқы нағыз махаббаты Мэттью деген жігіт осы.

590b85889220b6b0e382233ecf3e6466__980x

Джорджия жаттығу залдарына барып, дұрыс тамақтану режіміне көшкен. Оның бұл талпынысы з нәтижесін беріп, бойжеткен 254 келіге дейін арықтаған. Алайда бойжеткеннің бар жан-тәнімен салмақ тастауды қалауы Мэттьюді шошытты. Себебі ол өзінің сүйіктісін толық қалпында да қаблдай алады.

Джорджияның өзі болса жігітімен айырылысқаны үшін аса қайғырып отқан жоқ.

680c8411e0beabf66b1571ef2cca6250__980x

«Бұл — өмір. Есесіне алдағы уақытта көп уақытымды өзіме арнай аламын», – деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Достарының қолдауына ие болған британдық қыз жігітімен айырылысқаннан кейін жаттығуларын үдете түсіп, одан да көп артық салмақтан арылатынына сенімді.

Жіберіп алмаңыз: 

Американдық әлемдегі ең семіз әйел болуды армандаған (фото)

Әлемдегі ең семіз бала арықтап, мектепке қатынай бастады (фото)

Салмағы 500 кг-ға жеткен әйел президенттен көмек сұрады (фото)

Қалыңдық жалаңаш күйінде тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау