Британияда трансгендер алғаш рет дүниеге сәби әкелді
Ұлыбританияда бұрын Пейдж деген есіммен әйел болған 21 жастағы Хайден Кросс 16 маусым күні өмірге Тринити-Ли Луиз Кросс есімді сәбиді алып келді. Осылайша ол алғаш рет бала туған трансгендер атанды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Хайден өзінің жүкті екенін қаңтар айында жария еткен. Ол ресми түрде еркек атанғаннан кейін осы жағдайы үшін гормондық препараттарды қабылдауды да тоқтатқан еді.
Ал интернет арқылы донор іздеп, баланың “әкесін” әлеуметтік желі арқылы тапқан.
Және бір қызығы Хайден бала босанардан екі күн бұрын оның анасы бесінші сәбиін босанған.
Оқи отырыңыз:
Қария 70 жасында колледжді бітіріп шықты
Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)
Қытайда бұлшықеті қалыптасқан 7 жасар бала жарыстан 6 алтын медаль алды (фото)
Полицейлер жарты жыл ішінде 500-ге жуық адамды атып өлтірген
Талқылау