Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда тиіндер үш жасар баланы қансырата талап тастады

Британияның үш жастағы тұрғынына тиіндер шабуыл жасап, оны тістеп жарақаттаған.

балақай

Бұл туралы ВВС қызметі хабарлады.

Балақай орталық саябақтардың бірінде анасыменбірге қыдырып жүріп, тиіндерді  тамақтандырған. Осы кезде бірнеше тиін баланың өзіне қарай шабуылдаған.

«Бір кезде оған бірден алты тиін шабуылдады. Мен өмірімде баланың сөйтіп жан ұшыра айқайлаған даусын естімеппін. Айналаның барлығы қызыл қан болды»,- дейді 22 жастағы баланың анасы Софи Ренуф.

 

Тиіндер баланың денесіне алты ірі жарақат салған. Бала бұған дейін анасымен бірге тиіндерді тамақтандыруға жиі барып тұратын болған. Бірақ мұндай қайғылы жағдай бірінші мәрте болып отыр екен.

«Ол әдеттегідей тиіндерге жаңғақ беріп жатты. Мен әрине мұндай қауіптің барын білгенде балама  рұқсат бермес едім»,-дейді әйел.

 

 

Талқылау