Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда студент «Nestle» компаниясынан оған өмір бойы тегін шоколад беруді талап етті

Британиялық студент Саима Ахмад (Saima Ahmad) «Nestle» компаниясы шығарған «KitKat» шоколадының сегізін сатып алып, оның құрамынан бірде бір вафли таппағандықтан, компанияға шағымданды. Өз арыз хатында ол өндірістен өмір бойы шоколад талап етіп отыр.

56aefc0499deb_kit(2)

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Лондондық Кингс-колледжі заң факультетінің екінші курсында оқитын 20 жастағы студенттің айтуынша, ол өткен жылы желтоқсанда 2 фунт стрелингке (2,8 долларға жуық) шоколад өнімін сатып алған.

«KitKat шындығында жарнамаға сай болмай шықты», – деді бойжеткен. Ахмад KitKat-та өзі қатты жақсы көретін жарнамада айтылғандай «вафля қосылған бірегей шоколад» жоқ екенін айтты. Ал, оның сатып алғаны жарамсыз орам болып шыққан.

Nestle-ге жолданған хатта, студент компания одан кешірім сұрауын талап етті. Және ол алдағы уақытта Nestle өнімдерінің сапасына көбірек назар аударатынына үміт артатынын айтты. Себебі, ол компанияға деген сенімін жоғалтыпты. Сондай-ақ, өзіне қаржылай және моральдық тұрғыда шығын келгенін айтып отыр.

С.Ахмад енді сапасын бақылап отыру үшін өмір бойы KitKat өнімін оған тегін жеткізіп тұруды талап етті. Егер талап орындалмаса, сотқа жүгінетінін айтты.

Талқылау