Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда мұсылмандардың екінші әйел іздеуіне арналған сайт ашылды

Ұлыбританияда екінші әйел іздейтін мұсылмандар үшін SecondWife.com сайты ашылды.

v-RhNjVMh8

Қазіргі уақытта бұл қызмет түрімен елдің 35 мың тұрғыны қолдануда. Сайттың негізін қалаушы, 33 жастағы тележүргізуші Азад Чайвал мұнымен қатар жаңа Polygamy.com бастамасын қолға алды. Онымен 7 мыңнан астам адам қолданады екен.

Авторға елдегі көп әйел алуға қарсы заң да тосқауыл болар емес. Ол үшін 1 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Чайвалдың сөзінше, ол дәстүрлі құндылықты сақтап осындай қадамға барған. Және осылайша әйелдерді жалғыздықтан құтқарғысы келеді.

Бұған мұсылман бірлестігінің өкілдері де немқұрайлы қараған жоқ. Мұсылмандар мен парламент мүшесі Халид Махмұд екінші әйелдердің заңдастырылмайтынын, сондықтан олар күйеуі мен оның мүлкін иемдене алмайтынын ескертеді.

Жіберіпалмаңыз:

Ұлыбританияда көп әйелі бар ер-азаматтар жәрдемақы алады

Бала күтушінің бүлдіршінді өлтіруіне күйеуінің екінші әйел алуы себеп болған

Талқылау