Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда қылмыскердің қатыгездігіне бола сот істі қараудан бас тартты

Ұлыбританияда сот қылмыскердің үстінен тергеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Бұған Эндрю Бернстың шектен тыс қатыгездігі себеп болып отыр. Жуырда ол түрме қызметкері мен медбикені соққыға жыққан.

pic_bfe9ab39d97d4136bcc97f5c77e2245a

Бұл туралы The  Daily Mail басылымы жазды.

Әңгіме 25 жастағы Эндрю Бернс туралы болып жатыр. Дәл қазір ол Шотландия түрмесінде жазасын өтеуде. Полиция мен бейбіт тұрғындарға шабуыл, вандализм секілді қылмыстыра үшін өмір бойына сотталған. Ол, тіпті, өзін ажыратпақ болған түрме қызметкерін аямай соққыға жыққан. Мұнымен қатар, қызметкердің қасындағы медбикені басынан жарақаттаған. Дәл қазір екеуі де ауруханада жатыр.

Бастапқыда осы оқиғаларға байланысты сот оның үстінен қылмыстық іс жүргізбек болған. Артынша сот төрағасы жолда жағымсыз оқиғалар болуы мүмкін деген ниетпен істі қараудан бас тартқан. Себебі, Бернс осы уақытқа дейін бірнеше рет түрмеден қашып шықпақ болған. Бірнеше жыл бұрын Бернс әзілдеспек болып өзінің күре тамырын кесіп жіберген. Артынша өз қанын түрмедегі басқа сотталушыларға шашып ойнаған.

Алғаш жұрт оны 2016 жылы таныды. Осы кезде Бернс өзін трансгендер ретінде таныстырды. Тіпті, өзін Тиффани Скотт деп атауды сұрады.


Жіберіп алмаңыз:

Семейде куәгерлер өзін өлтірмек болған азаматты құтқарып қалды

Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалды

ОҚО-да көлікті басып озбақ болған жүргізуші үш адамның өліміне себепкер болды

Ақмола облысында су басқан үйден әйел адамның денесі табылды

Талқылау