Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда есірткі саудагері өзінің анашасын ұрлатып алғанын айтып, полицияға хабарласқан

Ұлыбританияда есірткі сақтап және таратқаны үшін 23 жастағы ер адам екі жыл түрмеге жабылды. Дэниэл Баркер өзінің кокаиндерін ұрлап кеткенін айтып, өз-өзін полицияға ұстап берген.

ввв

Сурет tvk6.ru

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Былтырғы жылдың шілде айында Карлайл қаласындағы саябақтардың бірінде екі жігіт Баркерге жабылып, оны тонап кетеді. Жапа шеккен ер адам өзіндегі кокаиндерді белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып арыз түсірген. “Ер адам ол кезде ішімдікке тойып алғандықтан, не істеп, не қойғанын мүлдем білмейді”, – дейді прокурор Жерар Роджерсон.

Тәртіп сақшылары ұстап алғаннан кейін Баркер өзінде аздаған мөлшерде кокаин қалғанын және есірткі үйінде де бар екенін мойындаған. Полицейлер британдықтың сөмкесінен 88 фунт стерлингке бағаланатын үш қалта кокаин тауып алып, оны тұтқындады.

Түрмеге жабу шешімінен бөлек, Баркердің мойынына 200 сағат қоғамдық жұмыс атқару міндеті де артылды.

Талқылау