Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда әлемдегі ең жіңішке шолу мұнарасы салынды (фото)

Британиядағы Брайтон қаласында British Airways деп аталатын шолу алаңы пайда болды.

nz1.ru_14702404221

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

162 метрлік мұнараның ерекшелігі сол, оның қақ ортасындағы дөңгелек алаңқай мұнара бойымен сырғып айналаны шолуға керемет мүмкіндік береді.

nz1.ru_14702404287

nz1.ru_14702404276

Жауын-шашынсыз, ашық күндері ол ең жоғарғы 138-ші метрге дейін көтеріліп, онда 20 минуттай тұрақтайды. Ал күңгірт тартқан күндерде тек 30 секунд ғана аялдайды.

nz1.ru_14702404265

200 адамды сыйдыра алатын шолу алаңы қаланың ғажап көрінісін биіктіктен тамашалауға мүмкіндік сыйлайды. Сондай-ақ, мұнда шыққандар Ла-Манш бұғазына да еркін көз тіге алады.

nz1.ru_14702404243

nz1.ru_14702404254

Гиннестік рекордтар кітабына кірген мұнараның құрылысы әлемдегі ең жіңішке мұнара ретінде саналған.

nz1.ru_14702404232

Құрылыс 12 жылдан астам уақытқа созылып, оған 61,5 млн доллар шығындалыпты. Қала билігі мұнара туристер үшін ерекше нысан болатындығына сенімді. Енді бұл жерде түрлі салтанатты іс-шаралар да өткізілмек.

Талқылау