Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда 50 млн долларға жуық ұтыс билеті киіммен бірге жуылып кеткен

Англияның Вустер қаласының тұрғыны Camelot лотереясында ойналған 33 млн фунт ұтыстың билетін киімімен бірге жуып жіберген.

2308

Бұл туралы  Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.

Әйелдің айтуына қарағанда, ұтыс билеті жуылған джинси шалбардың қалтасында болған.

Ол билетті сатып алған дүкенге апарып көрсеткен. Билеттің жуылып, кей жерлері өшкендіктен ұтыс қаржысы берілмеген. Сондықтан билет Camelot кеңсесіне жіберілді.

Компания ұтыс билетінің растығын тексереді. Онда ұтыс саны, шыққан күні сақталған, бірақ сериялық нөмірі мен штрих-коды өшіп қалған.

Бұған дейін Британияда лотереядан қомақты қаржы ұтып алған бақытты жан табылмай жатқандығы хабарланған еді.

Талқылау