Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британия компаниясы етеккірі келген әйел қызметкерлерге демалыс бермек

Алғаш рет Британияның Бристоль қаласындағы фирмалардың бірі өз қызметкерлеріне етеккірге байланысты демалыс ұсынуды жөн көрген.

img-20130820105008-187

Сурте: ivona.bigmir.net 

Сток-Крофт мәдени орталығында орналасқан Coexist компаниясында небары 25 адам жұмыс істейді. Олардың тек 7-уі ғана ер адамдар екен.

Компания басшысы Бекс Бакстер осылайша әйелдердің еш ұялмай-ақ демалыс алуына жағдай жасап отыр.

«Біз одан еш ұялмауымыз керек. Жасырып жүргенше, ашық айта алуымыз керек», – дейді компания басшысы.

Қызметкер әйелдердің етеккірі келетін уақыттары жасырын өтіп жатады. Алайда, ол уақыттарда жұмыс істеу әйелдердің денсаулығына кері іәсерін тигізеді екен.

Британия жұмысшылары осындай күндерде өзін жайсыз сезіне тұра жұмс істей береді.

Жұмысшы әйелдерге етеккірі келген уақытта демалысқа шығару ісі алғаш рет Жапонияда 1947 жылы қаралған.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Индонезия, Тайвань елдерінде осы мақсатта демалыс беру қарастырылып жатыр.

Трансұлтты компаниялардың ішінде киім және аяқ киімдерімен танымал  Nike компаниясы ғана «етеккір демалысын» береді екен.

Талқылау