Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық зейнеткер телефондағы суреттер мен нөмірлері өшіп қалғаны үшін Apple компаниясын сотқа берді

Аталған компанияның дүкен қызметкерлері оның телефондағы мәліметтердің көшірмесін жасап алу керектігін ескертпестен, ондағы мәліметтерді өшіріп жіберген. Бұл дүкенге Дерик Уайт телефонына небір хабарламалар келіп, дұрыс жұмыс істемеген соң апарған екен.

4146b63aa055ec

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

68 жастағы британдық Дерик Уайт есімді зейнеткер Apple компаниясына қатысты дауда жеңіп шықты. Аталған компанияның дүкен қызметкерлері оның телефондағы мәліметтердің көшірмесін жасап алу керектігін ескертпестен, ондағы мәліметтерді өшіріп жіберген.

Бұл дүкенге Дерик Уайт телефонына небір хабарламалар келіп, дұрыс жұмыс істемеген соң 2014 жылы желтоқсанда апарған көрінеді. Дүкен қызметкерлері зейнеткерге көшірме жасаған-жасамағаны туралы соңынан сұрайды.

Телефонда зейнеткердің 15 жыл бойы жинаған естеліктері суреттері мен видеолары сақталғанын айтады. Ол осыдан бір жыл бұрын ғана үйленіп, Африкадағы сафариде демалған суреттері бар екен.

Уайт соттан 5 мың фунт стерлинг (2 миллион 250 мың теңге) көлемінде ақша өндіріп алуын сұраған. Осы ақшаға әйелімен тағы да бал айын өткізбекші екен.

f748fbfdca57a4

Уайттың айтуынша Apple компаниясы бұған келіспей, тіпті БАҚ өкілдеріне бұл туралы ақпарат беруден бас тартқан еді. Олар зейнеткердің шағымын теріске шығарған.

30 қараша күні сот өтіп, онда зейнеткерге Apple компаниясының 1200 фунт стерлинг көлемінде (540 мың теңге) ақша беруі тиіс болды. Сондай-ақ, зейнеткердің заңды құжатты шығындарына байланысты 800 фунт төлеуге міндеттелді.

Apple компаниясы – өте ауқымды компания. Бәрі бұл компаниямен дауласудың еш нәтиже бермейтінің айтқан еді. Бірақ, олай болмады. Бұл дауда мен жеңіп шықтым.

Талқылау