Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық турист қыз паспортын дәретхана қағазы ретінде пайдаланған

Британдық саяхатшы Фей Уилсонды паспортын дәретхана қағазы ретінде пайдаланғаны үшін Тайландқа кіргізбей қойған.

Britanskie-vlasti-14-let-otkazyivalis-vyidat-pasport-shotlandke-kotoraya-rodilas-v-Afrike-600x380

Сурет ruconnect.co.uk сайтынан алынды

28 жастағы турист осыдан бірнеше жыл бұрын мас күйінде паспортының парақтарын жыртып алған екен.

Саяхатшы қыздың айтуынша, құжат бақылау қызметкерлері оның паспортын тексеріп, не себепті парақтарының жыртылғанын сұраған.

«Мен оларға паспортымды жоғалтып алдым дедім. Өйткені, жағдайды түсіндіріп жату ыңғайсыздау болды. Оларға  мән-жайды түсіндіріп жатпастан, мені қайтадан Дубайға жіберткізді. Сосын Глазго басшылары менің құжаттарымды кәмпескелей бастады», – дейді Уилсон.

Сондай-ақ, оны қызметкерлер ұшақ бортында апарып, Ұлыбританияға дейін  күзетшілер бақылап барған.

Саяхатшы қыз құжатқа қатысты мәселенің неліктен дәл осы жолы орын алғанын түсіне алмай әлек. Өйткені, бұған дейін ол 5 жыл ішінде 8 рет осы паспортымен шетелдерге өткен екен.

Талқылау