Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық спортшылар бір күнде Олимпиаданың бес алтынын алды

Британдықтар жексенбіде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада гимнастика, гольф, велоспорт және теннистен бес алтын жүлде алды, – деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

британдық-спортшы

Ең соңғы алтында жергілікті уақытпен кешкі онда теннисші Энди Маррей ұтты. Оған дейін 1,5 сағат бұрын британдық гимнаст Макс Уитлок та алтын алқа тағынды.

Гольфтен Джастин Роуз жеңіс тұғырына көтерілді.

Велторекте өткен спринтте Джейсон Кенни мен Каллум Скиннер бір алтын және бірп күміс медальға ие болды.

Бес алтынмен қатар британдықтар кеше тағы үш қола жүлдеге ие болды. Олимпиаданың бейресми жалпы есебінде Британия АҚШ-тан кейінгі орынға, Қытайды озып екінші болып тұрақтады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орында тұр.

Жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі спортшымыз – ауыр атлет Нижат Рахимов және 200 метр қашықтыққа жүзуден Дмитрий Баландин екеуі алтын жеңіп алды.

Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанған еді.
Ал бүгін Қазақстан қоржынына Ольга Рыпкова қола жүлде қосты.

 

Талқылау