Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық мектепте толық қыздарға қысқа белдемше киюге тыйым салынды

Британияның Бакингемшир патшалығындағы Лорд Грэй атындағы орта мектеп директоры Трэйси Джонс электронды түрде ата-аналарға хат жолдап, 11 мен 18 жас аралығындағы қыздардың мәдениетті киінуін өтінген.

11782747

Сурет: РИА Новости

Әсіресе, толық денелі қыздардың қысқа белдемше кимеуіне назар салған.

Директордың ойынша, қысқа киім толық денелі қыздарды одан әрі толық етіп көрсетеді.

Мектеп басшысы оқу орнында бірнеше жылдан бері киім мәдениетіне көңіл бөліп келе жатқандығын атап өткен. 30 оқушы дұрыс мектепке сай киім кимегені үшін үйлеріне қайтарылған екен.

Трэйси Джонс қыздардың тізеге дейін түсіп тұратын қара белдемше немесе  шалбар кию керектігін айтады. Оның айтуынша, оқушылардың қазірден бастап осылай киінуі олардың үлкен өмірде мәдениетті қалыптасуына әсер етеді.

Алайда, ата-аналардың бұл өтінішке көңілдері толмады. Олар мектеп басшылығының өзге мәселелерді шешпей, жаңа киім алу мәселесін көтергеніне ашуланған.

Желі қолданушылары да ата-аналардың ойымен келіскен. Ал, мектеп басшысы бұл бастаманы өзге де оқу орнының басшыларына жолдайтынын айтады.

Талқылау