Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық ғалымдар адам ұрығының генін өзгертуге рұқсат алды

Ұлыбритания билігі адам ұрығының генін өзгерту бойынша тәжірибелер жүргізуге рұқсат берді. Осы бойынша өткен жылы Фрэнсис Крик институтының мамандары сауал жолдаған болатын, деп хабарлайды 24.kz.

1429857543_image12

Сурет timeskz.kz сайтынан алынды.

Енді шамамен 2 аптаға созылатын ғылыми жұмыстар тек осы мекеме аумағында жүргізілуі тиіс. Ол үшін жасанды жолмен ұрықтандыру үдерісінен қалған материалдар қолданылады. Алайда ұрықты әйел ағзасына енгізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

«Мұндай тәжірибе жүргізудегі негізгі мақсат – түсік тастау проблемасын шешу», – дейді мамандар.

“Біз адам ұрығының дұрыс дамуы қандай гендерге байланысты екенін анықтауымыз қажет. Сонда бедеулік және түсік тастау мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер пайда болар еді”, – дейді Фрэнсис Крик институтының ғылыми қызметкері Кэти Ниакан.

Талқылау