Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық дизайнер жылқыға арналған костюм тігіп шығарды

Глостершир британдық патшалығының дизайнері жылқыға арналған әлемдегі ең алғашқы твидті костюм шығарды.  Бұл костюмді дайындау үшін Эмм Сэндхэм Кинг дәл осы костюмнің адамға арналған түрінен 10 есе көп мата жұмсаған.

pic_365ad8a26d0ab153a7a3a272a2e17c3d (1)

Костюм Морстид атты жылқыға кигізілді. Жылқыға кигізілген костюм 15 наурыз күні ат бәйгесінде көрсетілетін болады.

Дизайнер жылқыға арнаған костюмін бір айға жуық уақыт тіккен.

«Бұл менің тәжірибемдегі ең ауыр жұмыс болды. Костюмді дайындау үшін Harris Tweed маркасының 18 метр матасын пайдаландым», – деп еске алады дизайнер.

Талқылау