Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық бойжеткен селфи үшін отаға 17 мың доллар жұмсады

Ричмонд (Ұлыбритания) қаласының тұрғыны селфи-түсірілімде әдемі шығу үшін хирургиялық отаға 12 мың стерлинг (17 мың АҚШ доллары)  жұмсады.

селфишіл

Бұл туралы Daily Mail жазды.

28 жастағы Шелли Скиннс (Shelley Skinns) түсірілімі сәтті шығуы үшін мұрны мен иегіне пластикалық ота жасатқан. Сондай-ақ бойжеткен көзілдірік киіп жүргісі келмей, көзінің көруін жақсарту үшін де хирургиялық операцияға жүгінген.

«Бұдан былай түсірген селфиіме көңілім толатын болды. Енді өз денемде өзімді жақсы сезінетін боламын», – деп мәлімдеді ол.

Скиннс 16 жасында түрлі қимылда тұрақты түрде өзін-өзі фотоға түсіре бастады. Енді бетінің фотодан әдемі көрінбейтін тұстарын осылайша жөнге келтіруді шешіп отыр.

Талқылау