Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық бір тәулікте 12 елге барып шықты

Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты.

ьтт

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

25 мамырда ол таңертеңгі 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады.

Бір тәулік ішінде турист Варшавадан Братиславқа баратын пойызда екі сағат қана көз шырымын алған. Соңғы 12-ші мемлекетке үлгеруі үшін оған шекараны жаяу кесіп өтуге тура келген.

39 жастағы үш баланың әкесі осы сапарын қаңтар айынан бері жоспарлаған.

Бұған дейінгі осындай әлемдік рекорд 1993 жылы орнатылған, сол жолы саяхатшы бір тәулікте 11 мемлекетке барып үлгерген.

Талқылау