Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық баронесса 22 жастағы вьетнамдық жігітті бүлдіршін екен деп ұятқа қалды

Баронесса Мишель Моне Вьетнамда 3000 көрермені бар аудитория алдында 22 жастағы вьетнамдық жігітті кішкентай бала деп қабылдап ыңғайсыз жағдайда қалды.

Безымянный

Баронессаның өзіне гүл бермек болған жігітті көтеріп қолына алып, суретке түскен. Сәлден соң ергежейлі жігіттің залда отырған әйелі оны қолынан түсіруді талап еткен.

Сөйтсе, оның бүлдіршін деп қабылдағаны 22 жасар вьетнамдық жігіт, жылжымайтын мүлік агенті болып шыққан.

Кейіннен Моне Twitter желісінде: «Бұл менің өмірімдегі ең ыңғайсыз жағдайға қалған сәтім болды», – деп жазады.

Оқиға 7 мамырда болғанымен, ол жайлы тек бүгін ғана көпшілікке жария болған.

Бүлдіршін деп танылған жігіт Facebook желісінде құжат суретін жариялады.

Безымянный

Талқылау