Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық 13 жасар ұлының жиһадшы екенін білді

Британдық Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік ұйымының жиһадты насихаттайтын видеожазбасында тұтқындарды атқан 13 жасар жиһадшы-жасөспірімінің өз ұлы екенін таныған.

сирия

Қауіпсіздік мақсатында есімі жасырылған ер адамның сөзі бойынша, оның ұлы Джо Джо 2004 жылы Кентрада дүниеге келген. Оның анасы – танымал эстрадалық рок-әнші Салли Джонс. Ұлдары өмірге келген соң жұбайлар ажырасқан. 45 жасар Джонс 20 жастағы келімсек Джунаид Хусейннің ықпалымен исламға бет бұрып, оған күйеуге шығып, Сирияға жол тартқан. Ол жақта ИМ жауынгерлері қатарына қосылған әйел өзімен бірге ұлын да еріте кеткен.

Мұнан соң жасөспірім ИМ-нің пропагандалық видеожазбаларының бірінен бой көрсеткен. Камуфляж киім киген үш баламен бірге ол күрт тұтқындарға тапаншадан оқ атқан. Видеожазбада оның есімі аталмағанымен, видеожазба жазуында Абу Абудулла аль-Британи, яғни Ұлыбританиялық мағынасындағы есім аталады.

«Ол ақылды, жақсы бала еді. Саябақта жүгіріп, қоңыздарды қуалайтын. Мен мұны тоқтатуым керек еді. Оның миын әбден улағаны – өте сұмдық», – дейді британиялық. Оның жақын досының сөзінше, бала «қамқор, көмек қолын аямайтын, адамдарды сүйетін бақытты ұл болған».

Ум Хусейн Британийя ретінде белгілі Салли Джонс не «Ақ жесір» (оның екінші күйеуі былтыр әуе шабуылында көз жұмған), халықаралық іздеуге жарияланған. Британиялық арнайы қызмет ИМ жауынгерлерінің оны Біріккен Корольдік аумағында лаңкестік әрекет ұйымдастыру мақсатында қолдануы мүмкін деп болжауда.

Талқылау