Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт жол үстіне 15 мың монетаны төгіп тастап, адамдардың реакциясын бақылады (видео)

Лондон тұрғыны Джамал Макмюрран ерекше эксперимент жасады: ол фотограф Лана Месикпен бірге көпір үстіне 15 мың монетаны төгіп тастап, жүргіншілердің реакцияларын байқайды.

Жігіт жол үстіне 15 мың монетаны төгіп тастап, адамдардың реакциясын бақылады

Бұл туралы Mashable хабарлады.

Олар арт-жобадан кейін артылып қалған тиындарды не істерлерін білмей, ақырында осындай эксперимент жасауға бел буыпты. Көпір Макмюранның пәтерінің терезесінен анық көрінетіндіктен, олар үйде отырып бақылайды.

Үйіліп жатқан монеталарға әуелі болып балалар қызыққан. Бірі онымен ойнай бастаса, енді біразы жинап алуға кіріскен. Кейбіреулер тіпті оның қасында отырып суретке де түсе бастайды.

Эксперименттің соңында екі жігіт күрек, қапшықпен келіп, монеталарды түк қалдырмай жинап алып кетеді.

 

 

Талқылау