Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Brent мұнайы $28 дейін арзандады

Сәрсенбі Америка нарығындағы мұнай қоры туралы есептің жариялануы қарсаңында мұнай бағасы төмендеп кетті. Аталмыш есепте қордың ұлғайғандығы жария етілуі мүмкін, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

oil-pic700-700x467-70218

Brent маркалы мұнай баррелінің наурызға фьючерстерінің бағасы ICE Futures лондондық биржада Астана уақытымен сағат 11:00-ге қарай 1,75% арзандап 28,26 доллар болды.

WTI мұнайының бір баррелінің ақпандағы фьючерстік бағасы Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,74% төмендеп, $27,68 болды.

Халықаралық энергетикалық агенттік (МЭА) ай сайынғы шолуында «нарыққа Иран шыққандықтан және шикізатқа сұраныс қарқынының баяулауына байланысты мұнай ары қарай арзандайды» деп болжап отыр.

 

Талқылау