Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 30 доллар межеден төмендеді

Сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігінің шикізат қорының өсуі жөніндегі мәліметтеріне орай мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі шапшаңдады: сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда Brent маркалы мұнай 2004 жылғы ақпаннан бері алғаш рет баррелі 30 долларлық психологиялық межеден төмен түсіп кетті.

1

Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлайды.

Астана уақытымен сағат 01.24-те солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының наурыз айына фьючерстерінің құны 3,04%-ға төмендеп, баррелі 30,01 долларға дейін құлдырады; бұдан бұрын ол алғаш рет 2004 жылғы ақпанда баррелі 30 доллар межеден төмен түсіп, 29,95 доллар болған еді. WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы 0,66%-ға арзандап, баррелі 30,24 доллар болды.

Талқылау