Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Brent маркалы мұнай бағасы 4 жылдан бері алғаш рет 76 доллардан асты

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржасындағы дүйсенбі күнгі сатылым қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Brent маркалы мұнай бағасы 4 жылдан бері алғаш рет 76 доллардан асты

Сатылым қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілген Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,3 долларға (400 теңгеден аса) артып, бір баррелі 76,17 долларды (25 мың теңгеден аса) құрады. Осылайша Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қараша айынан бері алғаш реті 76 доллардан асты.

Нью-Йорк тауар биржасында маусымда жеткізілген WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,01 долларға (300 теңгеден аса) артып, бір баррелінің бағасы 70,73 долларға (23 мың теңгеден аса) теңесті.

Тағы оқыңыз: 

Салымшылар зейнетке деп жиған ақшасын “7-20-25” бағдарламасына қолдана ала ма

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшалары банктер мен бизнеске берілетін болады

Банктерді банкротқа ұшыратқан қаржы институтының басшылары мен акционерлері жауапқа тартылуы мүмкін

“Астана банктен” ақшасын ала алмаған салымшылардың талмасы ұстап, құлап қалды

Талқылау