Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бренд өнімді жалған нұсқасынан ажыратудың 8 тәсілі (фото)

Қымбат әрі сәнді сөмкені сатып алу қалауы сізде жиі туындайтын болса, онда біраз мұқияттылық танытуға тура келеді.

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvYzlmMGY4OTVmYjk4YWI5MTU5ZjUxZmQwMjk3ZTIzNmQyMy5qcGc=.prx.ab3afd6e

Ақшаңызды желге ұшырмас үшін мына 8 тәсілге жақсылап мән беріңіз.

1. Тігін сапасы

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvYzRjYTQyMzhhMGI5MjM4MjBkY2M1MDlhNmY3NTg0OWI0OC5qcGc=.prx.490962b1

Брендті сөмкелердің тігісі көп ретте қолмен тігіледі немесе сапалы құрылғы арқылы жасалады. Мұндай қымбат сөмкелерді сапалы шеберлер жасайтындықтан, қателік табу қиын. Демек, сіз сөмке тігісінен олқылық байқасаңыз, онда оның бренд екеніне күмәндануға толық негіз бар.

2. Аяқсыз қалған сөмке

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvZWNjYmM4N2U0YjVjZTJmZTI4MzA4ZmQ5ZjJhN2JhZjMzOS5qcGc=.prx.4da5bc07

Бір ақиқат нәрсені түсіну қажет: кез-келген танымал брендтің қымбат сөмкесі – қаражатқа келіп тіреледі. Өндіруші де оны жақсы біліп отыр. Егер сіз оның өнімін қаншалықты ұзақ тұтынсаңыз, оның да атағына жақсы әсер етпек. Сол себепті бредтер ұсақ-түйекке дейін сапалы етіп жасайды.

3. Фурнитура

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvYzgxZTcyOGQ5ZDRjMmY2MzZmMDY3Zjg5Y2MxNDg2MmM0OC5qcGc=.prx.c69890f4

Кейде жалған өнімдер де өте сапалы болып жатады. Бірақ ұстала келе сыр береді. Ал кейбір галантереялық брендтер өзінің сериялық нөмірлерін металды фурнитураның артқы қапталына жазып қояды.

4. Материалдар

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvYTg3ZmY2NzlhMmYzZTcxZDkxODFhNjdiNzU0MjEyMmMzOC5qcGc=.prx.5f29d0bf

Сөмке шығаратын кез-келген танымал марка тек жұмсақ былғары теріні пайдаланады. Ал материалы тым тұрпайы, нашар болса бұл тауар сапасының төмендігінен хабар береді. Сөмкеден жағымды тері иісі шығып тұруы тиіс.

5. Өндіріс және бренд

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvZTRkYTNiN2ZiYmNlMjM0NWQ3NzcyYjA2NzRhMzE4ZDUzNS5qcGc=.prx.89b50348

Өнімді сатып алмас бұрын брендтің ресми сайтына кіріп, оның логотипін жақсылап қарап алу керек. Ерекше дөрекі жалған өнімдер тек формасымен ғана емес, шрифт өлшемімен, брендт атауын дұрыс жазбауымен де ерекшеленіп тұрады.

6. Сериялық нөмір

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvMTY3OTA5MWM1YTg4MGZhZjZmYjVlNjA4N2ViMWIyZGMzMy5qcGc=.prx.b4574a5b

Бұл өнімнің шын немесе жалған екенін айғақтайтын маңызды нәрсе. Сериялық нөмір кішкентай тақтайшаға жазылатындықтан оны өшіру мүмкін емес. Ал жалған өндіріс өкілдері көбінесе сериялық нөмірді қағазбен желімдей салады.

7. Қорапша

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvOGYxNGU0NWZjZWVhMTY3YTVhMzZkZWRkNGJlYTI1NDMyNS5qcGc=.prx.47576013

Қымбат өнім қашанда бағасына сай сапалы қорапшаға салынады. Тіпті қорапша көрнекілігі жағынан әдемі сөмкенің өзінен де еш кем түспей тұрады.

8. Ерекше белгілері

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTEvYzlmMGY4OTVmYjk4YWI5MTU5ZjUxZmQwMjk3ZTIzNmQyMy5qcGc=.prx.ab3afd6e

Бұл брендтің имидждік ерекшеліктері. Сатып алуға бармас бұрын аталмыш брендтің қандай фирмалық сипаты бар дегенге назар аудару да артық етпейді. Мәселен, Prada ешқашан қарама-қарсы астарды пайдаланбайды, ал Christian Dior үнемі қызыл түсте.

Оқи отырыңыз:

Әр тұрғынның миллионы бар: Қытайдағы миллионерлер ауылы қалай өмір сүреді

Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)

Боксшы Жанқош Тұраров дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Бұл отбасындағы адамдардың әрқайсысының 12 саусағы бар (фото)

Талқылау