Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық келіншек көзі тірісінде өзінің жерлеу рәсімін өткізді (фото)

44 жастағы Бразилия тұрғыны көзі тірісінде өзінің жерлеу рәсімін өткізді. Вера Лючия да Сильва дені сау болғанына қарамастан, 14 жыл бойы өзінің жерлеу рәсімін өткізуді армандап келген екен.

бразил

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Өлілер күніне орай өткізілген жерлеуін келіншек өміріндегі ең бақытты күн деп атады. Вера жолдасын өзінің жерлеуін өткізуге бес жыл бойы көндіре алмай келген.

бразилл

Дегенмен күйеуі ақыры келісіп, іс-шараға әйелдің жақындары жиналған. Жерлеу үйінің қожайыны Пауло Араужо «тірі марқұмға» табыт пен орынды тегін берді. Жерлеу күні түсірілген видеода келіншектің табытта ара-арасында көзін ашып қойып, жұртты күлдіріп жатқаны байқалады.

бразиллл

Вера табытта таңғы тоғыздан бастап, келесі күннің кешкі алтысына дейін тапжылмай жатқан. Келіншек жерлеуіне ақ көйлек киіп, шашын жаяды, ал денесінің төменгі бөлігін гүлмен көмкерген.

Әйел жерлеуінен ләззат алғанымен, өлуге асықпайтынын жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты

Арман мен Ашаның қыздары кімге ұқсайды?

Пугачева мен Галкиннің үйінен хиджабқа оранған белгісіз әйел ұсталды

Айнұр Ілиясова ашық-шашық фотосессиясына қатысты пікір білдірді

Талқылау