Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық дәрігерлер емделушінің сынған қолын кесіп тастаудан құтқарды

Орлеан қаласындағы пластикалық өндіріс фабрикасында жұмыс істейтін Карлос Мариотти бұрғылау білдегімен жұмыс жасау кезінде сол қолынан айырылып қала жаздаған.

mnbvc

Бұрғылау білдегіне қолы қысылып қалған ол екі саусағынан айырылады. Дәрігерлер оның терісі сыпырылған қолын амалдап тігу арқылы, кесіп алып тастаудан аман сақтап қалды. Дәрігерлер оған арнайы жасанды іш дайындап, қолын қалтаға салып тұрған секілді етіп операция жасайды. Жасанды қарын қорғаныс материалдарынан дайындалған. Ер адам енді қолын “қалтаға салып” алты апта жүруі тиіс.

“Емделушінің терісі толық түсіп қалған деуге болады. Қолдың сынған жерін сыйдыра алатын жалғыз орын ол қарын тұсы болды. Егер біз бұлай жасамағанда, онда одан әрі зақымдану қаупі күшейер еді”, – дейді дәрігер Борис Брандао.

Карлос Мариоттидің қолын құтқару үшін операция жасалды. Әзірге қол “қалта қарында” бола тұрамын дегенше, жаңа тері мен жасушалар қалыптасуы тиіс. Осылайша ол қайтадан жаңа теріге ие болады.

Талқылау