Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық азамат әйгілі Кен қуыршығына ұқсау үшін 43 рет ота жасатқан (фото)

Әйгілі Кен қуыршығына ұқсау үшін 43 рет пластикалық ота жасатқан азамат пластикадан бас тартты. Себебі кезекті ота барысында ол мұрнынан айырылып қала жаздады, деп жазады Daily Mail.
кен

33 жастағы бразилиялық Родригу Алвеш мұрын пішінін алтыншы рет өзгертпекші болған. Алайда ота сәтсіз аяқталып, Родригу некрозға душар болды. Мұрнын қалпына келтіру үшін оның жетінші рет ринопластикаға жүгінуіне тура келді.
кен2

Фото: bigpicture.ru

– Мен хирургияның көмегін қажет етпейтін емдеу шараларына көшуді жөн көрдім. Бұдан былай медициналық тұрғыдан мұқтаждық болмаса, ота жасатпаймын. Алайда бұл мені эстетикалық косметологиядан бас тартады деген сөз емес. Пластикалық хирургияны алмастыратын түрлі ем-дом шаралары бар. Қартаю процесін тоқтату жолындағы талпыныстарымды тоқтатпаймын, — дейді Родригу.
935

Қазіргі таңда Родригу Алвеш Лондонда тұрады. Барби қуыршағының жігітіне ұқсау үшін ол 450 мың долларға жуық ақша жұмсады. Сондай-ақ, соңғы оқиғадан кейін ол өзінің денесін бір миллион фунт стерлингке сақтандырды.

Испанияда демалып жатқан Алвештің мұрнына жасалынған шұғыл отаның құны 52 мың долларды құрады.
289

Әлі де жалғасын табатын ем-шаралардың қатарында радиожиілікті терапия мен арқа мен аяқ кавитациясы бар екен.

– “Жақында менің бірнеше шашты имплантаттарым пайда болады. Сондай-ақ, менің қаныма бағаналық жасушалар егілді. Бел, жамбас пен бөкседегі майларды қатыратын Lipoglaze жаңа домын қабылдадым. Себебі жүзуге арналған киімде өзімді мінсіз сезінгім келеді”, — дейді бразилиялық.

– “Бұл мен үшін расымен де маңызды. Тіпті, липосакциядан кейін де түзететін жерлерім бар. Алайда мен қайтадан липосакция жасатқым келмейді. Спортпен де айналыспаймын, сондықтан да артық майларды кетіру үшін маған медициналық жәрдем қажет”, – дейді ол.

643
Суретте — ота жасатпаған Родригу.

Биылғы жылдың сәуір айында Родригудың мұрнында қосымша тесік пайда болды. Жедел жәрдем қызметі оны тез арада Малагадағы емханалардың біріне жеткізген. Нәтижесінде оған некроз диагнозы қойылған. Яғни қан айналымының дұрыс жүрмеуінің салдарынан оның тіндері жойыла бастаған. Дәрігерлер инфекцияның оның мұрнын ойып және шірітіп жіберу мүмкін екендігін ескерткен болатын. Ондай жағдайда Родригуге мүлдем мұрнын алдырып тастауға тура келеді.

Шілде айында оған ұзақтығы он сағатқа созылған күрделі ота жасалды. Қатты қорқып қалған Родригу ендігәрі мұқтаждық болмаса хирургтің көмегіне жүгінбейтінін айтты.
835
Бала Родригу

Талқылау