Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда жүргізуші жүк көлігімен жеті рет сальто жасап, аман қалды (Видео)

Бразилияда жүк көлігі мен оның жолаушысы жантүршігерлік апаттан аман қалды. Оқыс оқиға көліктердің біріне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқыс оқиға You Tube желісінде жарияланған.

Анық көрінгені, жүк көлігі алдындағы автомобильді басып озып, өз жолағына қайта түсуге тырысады. Бір уақытта көлік тепе-теңдікті жоғалтып, бірнеше сальто жасайды да, жол жиегіне құлайды.

Оқиғаны желіге жариялаған куәгерлердің деректеріне сәйкес жүргізуші жеңіл жарақат алған, ал салондағы жолаушы керісінше бірнеше сынықтармен шұғыл ауруханаға жеткізілген.

Талқылау