Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда ягуар олимпиадаға дайындық кезінде әскери қызметшіге тап берді

Бразилияның Манаус қаласында ягуар олимпиада алауын тапсыруға дайындық жүріп жатқан кезде әскери қызметшіге шабуылдады. Жыртқыш аң мерекелік бағдарламаға қатыстырылады. Алайда дайындық басталардың алдында ол тордан сытылып шығып кеткен көрінеді.

Animals___Wild_cats_Angry_jaguar_bared_his_teeth_099212_ (1)
Сурет: www.zastavki.com 

Мамандар ягуарға  дәрі егіп, ұйықтатып тастауға әрекеттенгенімен, ол бәрібір әскери қызметшіге шабуылдауын доғармады. Сол себепті жыртқыш атып өлтірілді.

Қазір бұл оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізілуде. Манаус қаласының  Қоршаған ортаны қорғау институтының мамандары  сирек кездесетін аңды атудың қаншалықты қажет болғанын тексеруді талап етіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Талқылау