Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызын әйелінің қолына табыстаған ер адамды 1 секундтан кейін атып өлтірді (видео)

46 жастағы бразилиялық қорғаушы Андре Рибейроны атып өлтірген сәт көшедегі бақылау камерасы түсіп қалған. Қайғылы оқиға Бразилияның Пернамбуко штатында болды.

Бразилияда қызын әйелінің қолына табыстаған ер адамды 1 секундтан кейін атып өлтірді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Видеодан Рибейромен әйелі көліктен шығып жатқанда, оларға қарулы адамның жүгіріп келгенін көруге болады. Сол уақытта қорғаушы өзіне тапанша тақаған адамның бұйрығын түсінгендей болып, қызын әйелінің қолына табыстады. Содан кейін Рибейро жерге жата қалғанда, қылмыскер оған 5 рет оқ атып, оқиға орнынан қашып кетті.

Оқиғаның салдарынан 5 рет оқ тиген 46 жастағы қорғаушы отбасының көз алдында қайтыс болды. Ал, марқұмның қызы мен әйелі ешқандай жарақат алған жоқ. Алдын-ала мәліметке сәйкес, бұл тапсырыс бойынша жасалған қылмыс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр