Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда KOROVA киім брендін көрген қазақстандықтар, таң-тамаша болған

Нәзік жандылар үшін жағымсыз мінездеме болып саналатын «Сиыр!» сөзі, Бразилияда сән брендінің атауы болып шықты. Мұны Рио-де-Жанейродан алыс емес Бузиос курортты қаласына барған екі қазақстандық байқаған.

873c531a96b121da8f545e296070eb27

 Сурет © Ксении КУЛИКОВОЙ

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Әсем дене бітіміне лайықталған жеңіл әйел киімі кигізілген қуыршақтың бас жағындағы латын әріптерімен жазылған KOROVA сөзі қос қазақстандықты күлкіге қарық қылыпты.

Жазудың түпкі негізі қайдан шыққаны белгісіз. Ал қыздар сатушыдан оның қандай мағына беретінін сұрағанда, олар білмейтінін айтып бас шайқаған. Алайда, негізгі мағынасын білгенде олар да еріксіз езу тартқан.

Әрине, мұндай жағдайға қарамастан сауда дүкеніне келушілердің саны азаяды деу қиын. Керісінше, дәл сол жерде тамаша маркетингтік қиялға да ерік беруге болады.be119d432347ab4835372676e17a8148

Мысалы, Үндістанда сиыр қасиетті жануар саналады. Біздің елде де пайдалы жануар екені өтірік емес. Тиісінше, басқа елдерде де сиыр өсіріледі әрі үй жануары ретінде қарастырылады.

Талқылау