Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда Қазақстанның азаматшасы есірткі сатқаны үшін сотталды

Бразилияда 2018 жылы Қазақстан азаматшасын және оның ағасын есірткі сатқандары үшін тұтқындаған. Брифингте ҚР СІМ-нің Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі Қайрат Саржанов осыны айтты. Бұл туралы Bnews.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Осы жылы қазақстандықтар, яғни ағасы мен қарындасы, Сан-Паулу әуежайында есірткілік заттармен ұсталды. Сот шешімі бойынша қыздың ағасы босатылды. Елшілік үдеріске қатысты. Азаматша түзету мекемесіне орналастырылды. Біздің елшілік олармен және олардың туысқандарымен үздіксіз байланысуда”, — деп мәлімдеді Қайрат Саржанов.

Қазақстандық дипломаттар айыпталған адамдарды өз еліне қайтару туралы келісімге қол қойылса деп үміттенуде. Егер келісім болса, қыз жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтейді.

“Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы айыпталған тұлғаларды қайтару туралы мемлекеттік келісімшарттарды ратификациялаумен айналысуда. Келісімшарт бекітілсе, олар босатылады. Бірақ ол үшін айыпталған қазақстандық қыз бен жігіт Бразилияның органдарына өтініш білдіруі керек. Уақыттың сұрағы деп ойлаймын. Біз олар жазаларын қазақстандық түзету мекемелерінде өтеуі үшін жұмыс істейміз”, — дейді ол.

Қайрат Саржанов Бразилиядағы тұтқындардың 70 пайызы есірткі сатқандары үшін жазаларын өтейтінін сөз етті.

Талқылау