Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда біреудің мүлкін бұзды деген айыппен жылқы малы тұтқынға алынды (видео)

Бразилияның Носа-Сеньора-Апаресида муниципалитетінің полициясы жылқы жануарын түрмеге отырғызды. Тәртіп сақшылары жылқыны біреудің мүлкін бұзғаны үшін айыптауда. Жануар иесімен бірге серуенге шыққан кезде бөгде адамның автокөлігіне зақым келтірген.

Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Темір тұлпарына зақым келген әйел жануардың тұтқындалуын талап еткен. Ол осылайша өтемақыны тез арада қайтарып аламын деп сенген.

Мән-жайдан хабардар болған ат иесі Уильям Сантуш полициямен келіспек болғанымен, оның әрекетінен нәтиже шықпады. Себебі тәртіп сақшылары жануармен жүздеспек түгілі, оған ас беруге рұқсат бермеген.

“Бөлімшеге келген соң жануарымды қамап тастағанын көрдім. Ол аз десеңіз, жылқыға не су, не ас бермеген. Ол аядай ғана бөлмеде қимылдай да алмаған”, – дейді Уильям Сантуш.

Жіберіп алмаңыз:

Тастанды бала жанынан «Балам, кешірші» деген хат табылды

Ресейде жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

Турист фильм үшін дайындалған 12 метрлік ағаш аттан құлап, қайтыс болды

Дмитрий Медведев екі рет президенттердің топтық суретін бұзды

Талқылау