Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилия соты WhatsApp қосымшасын бұғаттап тастады

Бразилия билігі смартфонда хабарлама алмасуға мүмкіндік беретін WhatsApp қосымшасын бұғаттады.

KMO_111307_00632_1_t218

Бразилиялық Сан-Паулу штатының соты калифорниялық компанияға бір қылмыстық іс бойынша шығарылған сот шешімін орындамағаны үшін 48 сағатқа сервис қызметін тоқтата тұруға қаулы етті.

WhatsApp бас директоры Ян Кум Бразилияның әлемнен оқшауланып қалғанына өкініш білдіретінін хабарлады.
WhatsApp-пен бәсекелесетін Telegram мессенджерінің иелері бразилиялық соттың шешімінен кейін бірнеше сағат ішінде олардың сервисіне миллионнан астам пайдаланушы қосылғанын хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Талқылау