Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилия президенті жылы орнымен мәжбүрлі түрде қош айтысуға жақын

Парламенттің төменгі палатасындағы 367 депутат Дилма Руссефке сенімсіздік білдіріп, импичпентке дауыс берді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Сурет politrussia.com

Бұл межелі 342 дауыстан асқандықтан, енді президенттің ісін Бразилия Сенаты қарап, мамыр айында дауысқа салмақ. Егер Руссефке Сенат та импичмент жарияласа, ол қызметінен шеттетіліп, сотқа тартылуы мүмкін.

Айта кетсек, 68 жастағы президентті оппозиция сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отыр. Бұл айыптау Petrobras компаниясындағы ақша жымқыру ісіне байланысты. Алайда, президенттің өзі мұны жоққа шығарып, өзіне қарсы әдейі жасалған әрекет деді. Қалай болғанда да президенттің тағы қазір шатқаяқтап тұр.

Талқылау