Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Браконьерлерді ұстауға шыққан полицейдің мүрдесі Ертіс өзенінен табылды

Іздеу шаралары барысында бүгін Ертіс өзенінде Ақтоғай ауданы Қосамжар ауылына жақын жерде Ақтоғай ауданының учаскелік қызметкері Жәнібек Қасеновтің мүрдесі  табылды.

20160429090745 (1)

Денесінде зорлап өлтіру белгілері болған жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қайтыс болған күні мен себебін анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды.

35 жастағы полицейді әріптестері бір аптадан бері іздеуде. Ол 2 маусымда патрульге браконьерлерді ұстау үшін шығып, қайтып оралмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте көпір астынан аузы шүберекпен тығындалған жігіттің өлі денесі табылды

Жапонияда екі күн бұрын жоғалған әйелді аю шабуылдап өлтірген

Талқылау