Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Божко украиндік саясаткерді қызбалыққа салынып «салдақы» деп атағанын мойындады

Қазақстан парламентінің төменгі палата мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко украиндік саясаткер Ирина Фарион жөніндегі пікірін ашулықпен айтқанын мойындады.

8234846

Сурет: © Служба центральных коммуникаций при президенте РК.

Божко 10 маусым күні Қарағандыдағы этномәдени орталық өкілдерімен кездесу кезінде «Мен әлгі салдақы Фарионның орыс тілінде сөйлеу адамгершілікке жатпайды деген мәселе тездетіп бір шешуін тапса екен деймін» деген болатын.

Өз кезегінде Қазақстандағы украина елшілігі «офицерлердің әйелдерді салдақы деп атауы кешірімсіз» деп мәлімдеген.

«Мен аздап қызбалыққа салынып, солай айттым. Мойындағым кеп тұрғаны мына нәрсе. Бұл пікірді айтсам да, басқа сөз қолдануым керек еді», – дейді Божко мәжілістің пленарлы отырысында журналистерге берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Божко: Ескертуді елемей жолға шығып, көмек сұрайтындарды жауапқа тарту керек

Талқылау