Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Божко: Астанада бөгет жарылып, тасқын болады деп қауесет таратқан адамның басын жұлар ем

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ал қазір мәжіліс вице-спикері елдегі су тасқынына қатысты пікірін білдірді.

pogudx418t9a5tbjr.b543fb53

Су тасқынына қатысты қалыптасқан жағдайға кім кінәлі деген сұраққа Божко: “Табиғат”, — деп жауап берді мүдірместен, деп хабарлайы Sputnik.

“Енді ылғал қоры ең апатты жыл болған 2004 жылдан 50%-ға артық болса, табиғатқа қарсы күресе алмайсың… Бұл жерде адам факторы емес, табиғат шешуші болып отыр. Бұған қоса инженерлік қамтамасыз ету бойынша байыпты шаралар дайындау керек. Дегенмен, жағдай өте қиын. Өйткені қар биылғыдай көп түскен емес. Мен тоғыз жыл министр болып жұмыс істедім, мұндай болған емес”, — деді Божко.

Қазақстандықтар бір біріне мессенджер арқылы ер адамның даусы жазылған аудиожазба жолдап жатыр. Онда  Астанадағы бөгеттің жарылатыны, тасқын жақындап келе жатқанын айтып дабыл қағады. Автор әуежай маңындағы, басқа да тұрғындардың сақ болу керектігін ескертеді.

“Министр бұл бойынша қылмыстық іс қозғаған болар. Бұл қылмыс деңгейіндегі жала. Ешқандай қауіп жоқ. Бөгет қаланы сақтай алады. Мен осы қауесетті таратқан адамның басын жұлып алар едім”, – деді Божко тілшілерге.

Айта кетейік, елімізде су тасқыны өршіп тұр. Жеті өңірде — Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны жүруде. Кешегі үкіметте айтылған мәліметтерге сәйкес, бұл өңірлерде 1 949 тұрғын үйді су басып, 120 автомобиль жолын су шайған. Ал Атбасарда бөгет бұзылып, жағдайды қиындатып жіберді. Бұл мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Тілеуханов министрге: Тұрсыновтың ешкісі Сартай батырдан, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық па?

Арыстанбек Мұхамедиұлының есебін тыңдаған министрлер күліп жіберді (видео)

Саясаттанушы: Елбасының латынға көшу туралы мәлімдемесі – Ресей мен Батысқа ескерту

Талқылау