Безеу деп ойлаған: Бойжеткеннің бетіндегі бөртпелер тері астындағы құрт болып шықты (фото)

Ресейдің 32 жастағы тұрғыны бетіне шыққан біртүрлі безеулерді байқаған. Бір қызығы, олар қанша уақыт өтсе де кетпей қойыпты. Артынша анықталғандай, олар қыздың терісінің астындағы паразит болып шыққан.

Бойжеткеннің бетіндегі безеу деп ойлап жүрген бөртпелер тері астындағы құрттар болып шыққан

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен екі апта бойы қабағындағы белгісіз бөртпелермен күрескен. Ол бетіндегі біртүрлі бөртпелерді алғаш байқағанда, олар көзінің астында орналасқан. Алайда біраз уақыттан кейін бетінің басқа бөлігіне жылжып кетіпті.

10 күннен кейін бойжеткеннің бетіндегі «мұндай» безеулер жоқ болып кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін оның ерні қатты үлкейіп кеткен.

Бойжеткеннің бетіндегі безеу деп ойлап жүрген бөртпелер тері астындағы құрттар болып шыққан

Бойжеткеннің сөзінше, бөртпелер қышып, кейде күйдіргендей әсер қалдырған. Алайда басқа да белгілерді байқамаған екен.

Бойжеткеннің бетіндегі безеу деп ойлап жүрген бөртпелер тері астындағы құрттар болып шыққан

Дәрігерлер қызды тексерген кезде, терісінің астында әлдененің жыбырлағанын байқаған. Анықталғандай, ол паразит-құрт болып шығыпты. Дәрігерлер аталған паразитті хирургиялық жолмен алып тастаған.

Бойжеткеннің бетіндегі безеу деп ойлап жүрген бөртпелер тері астындағы құрттар болып шыққан

Бойжеткеннің сөзінше, ол біраз уақыт бұрын ауылды жерде болған. Сол жақта оны бірнеше рет маса шағып алған екен.

Айта кетсек, қыздың терісінің астынан табылған Dirofilaria repens паразиті әдетте иттер мен мысықтарда кездеседі. Ол қан сорғыш масалардың шағуы арқылы тасымалданады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар