Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен аяққа тұрып кету үшін қазақстандықтар 51 мың евро жинап берді

Алматылық Надира Аухадиева аяғына электронды неміс протезін қою үшін халықтан 51 мың евро жинады. Бойжеткен аяғына тұрып кетті.  Бұл туралы Астана ТВ арнасы хабарлайды.

Надира Аухадиева екі ай Германияда болды. Осыған дейін екі жыл бұрын онкологияның салдарынан  оң аяғын кесіп тастаған алматылық қыздың оқиғасы бірнеше рет айтылған болатын. Заманауи протезді алу үшін оған 70 мың евро керек еді.  Ол қазақстандықтардан әрқайсысы 4000 теңге көлемінде қайырымдылық жасап, ақша жинауға көмектесуін сұраған.

“Екі аяғыңда қайта жүру жаңа сезімдер сыйлайды, қуантады.  Екі жыл бойы аяққа тұрмаған соң, бұрын-сонды жүріп көрмеген алғашқы қадамдарын жасайтын кішкентай бала секілдісің. Германияда жүруді үйренген кезімде қатты құлап қалдым”, — дейді ол.

“Іздегендер әрқашан тығырықтаны шығар жолды табады. Тек үмітті үзбей, берәлмеу керек. Мені аяққа тұрғызған адамдарға рахмет. Олар болмағанда  мен әлі күнге дейін қиналып жүруші едім. Ал қазір сол адамдардың арқасында өзімді толыққанды адам санаймын “, — дейді бойжеткен.

Надира Аухадиеваның сөзінше, ол әлі жүрісін дұрыстауы керек. Дәрігерлер 6-8 айдан соң қыз еш қиындықсыз жүріп кете алады, кейін жүгіре де алады. Қазір Надира жұмыс іздеп жүр.Ол  қоғамға пайда тигізуіді армандайды.

 

 

Талқылау