Бойжеткен жағаға шығып кеткен акуланы құтқарып қалды

АҚШ-тың Род-Айленд штатының тұрғыны толқын көтеріп, жағаға шығарып жіберген акуланы құтқарып қалды.

Бойжеткен жағаға шығып кеткен акуланы құтқарып қалды

Бұл туралы UPI порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жағажайда демалып жүрген бойжеткен толқын жағаға шығарып жіберген тікенек акуланы көріп қалып, еш ойланбастан оны құйрығынан ұстап судан алып шығады.

Өжет қыз жағалаудағы тасқа соғылған акуланы ұстап алғаннан кейін, жалмағыш балықты тереңірек жерге апарып, суға жібереді.

Тікенек акуланың ұзындығы 3-4 метрді құрайды. Түсі сұр, жерлерінде ақ дақтары бар. Ал құрсағы ақшылдау болып келетін орташа акула. Ол- қомағай жыртқыш.Тарғыл түсті бұл акула «катран», «тырнақты» деген аттарымен де танымал. Тікенек акула қысты температурасы 7-8 с° суда тіршілік етсе, ал жазда температурасы 14-15 с° суды мекендейді. Акуланың бұл түрі судың терең жерінде өмір сүреді. Олар 731 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Тікенекті акула әлемнің барлық субарктикалық суларында, Тынық және Атлант мұхитында дейінгі белдеулерде кездеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар