Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен “Тұлпар-Тальго” пойызында жолсеріктердің топ болып өзін зорлағанын айтты

Бойжеткен өзінің “Тұлпар-Тальго” пойызында жолсеріктерге зорланғанын айтты. Айтуынша, күдіктілердің туыстары соңынан аңдыған. Енді қылмыстық іс тоқтап қала ма деп қорқып отыр.

Бойжеткен тергеушілердің ауыл тұрғындарынан жауап алғанын айтты, деп жазады Sputnik

“Олар ауылға барып, менің ата-анамнан жауап алмақ болды.  Олар үлкен кісілер. Мен олардан жауап алуына қарсымын. Кейін адами тұрғыда ата-анамнан жауап алмауға келісті”, – дейді жәбірленуші.

Айтуынша, оны күдіктінің туысы аңдыған. Алғашынға түнгі уақытта келген бейтаныс әйелге есік ашқанын айтты. Оған келісімге келмейтінін айтқан.

“Істі “топтық зорлау” бабы бойынша қаралуын сұрадым. Осындай жағдайда қалайша келісімге келуге болады? Бәрі мен ақша үшін арыз жазды деп ойлайды. Менің пәтерім, көлігім, жұмысым бар. Ақшаға мұқтаж емеспін. Басшылық қызметтемін”, – дейді бойжеткен.

Кейін күдіктінің туысы қолына баласын алып келген екен. Бойжеткеннен келісімге келуді сұраған. Подъезден шыққанында бір топ жігіттің көлікпен жүргенін көрген. Бұл жайлы полицияға айтты.

Бойжеткен екі ай шоктық күйде жүрген. Полицейлер біргенеш рет жыныстық қатынастық өзара келісіммен болған-болмағанын сұрапты.

“Мен дәрежесі бар адаммын. Менімен жеңіл жүрісті қыз ретінде сөйлесті. Бұл олар үшін қалыпты жағдай. Бұл психологиялық күйзелісте отырған адам үшін екі есе соққы”, – дейді жәбірленуші.

“Тұлпар-Тальго” пойызының жолсерігі қараша айында екі жолсеріктің өзін зорлағанын айтты. Қоғам белсендісі Дина Смаилованың айтуыша,  жәбірленушінің ғылыми конференциядан қайтып келе жатып, жабық купеде ұйықтап жатқан. Жолсерік қызметтік кілтпен есікті ашып, зорлай бастаған. Кейін екінші жолсерік кіріп, екінші рет зорлаған.

Тұлпар-Тальго  пойызының желсеріктерін жұмысынан босатты. Оларға қатысты іс қозғалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау