Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен рак дертін екі рет қалай жеңгенін айтып берді

31 жастағы қыз 3 ай ішінде 12 келі салмақ тастайды. Дәрігерге қаралғанда омырауында қатерлі дерт барын естиді. Дәрігер оны отаға жіберереді. 10 күннен соң қайта хабарласып, тағы бір ота жасау керек екенін айтады.

Мысырлық стюардесса Доаа Абуэльсеуд екі рет рак дертін жеңді.

«Жіптері бітпестен денемді қайта ашып, екінші ота жасау керек болды. Одан бөлек бойымда тағы бір қатерлі дерт бары анықталды. Анам да осы дерттен көз жұмған соң қатты уайымдай бастадым», – дейді Абуэльсеуд.

«Тәбетім жоғалды. Достарыммен сөйлеспей кеттім. Сосын уайымға салынбай, өзімді басқара бастадым. Химия терапия алған соң дәрігерлер менің жазылғанымды айтты. Мен ауыр дертті жеңуіме уайым-қайғыдан арылғаным себеп деп ойлаймын. Адам ондайда күйзеліске түспей, тек жақсы ойлау керек», – дейді ол.

«Мен енді ешнәрседен қорықпаймын. Бұрынғы уайымдайтын дүниелер түк емес болып қалды. Оның денімнің саулығымен салыстырғанда түкке тұрмайтынын білдім. Тек жақсы нәрселерді ойлап өмір сүруді үйрендім», – дейді батыр қыз.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Рак дертін жеңген қазақ қызы АҚШ-та өз кәсібін ашқан

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

Талқылау