Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен өзі түсірген суреттің арқасында бір түнде жарты әлемге танылды

Бұл оқиға Исландияның астанасы Рейкьявикеде болған. Майкл Джон Кент ешкім жоқ жерде өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болады.

Бұл туралы best-fan.ru басылымы жазды.

Осы романтикалық көріністі күтпеген жерден бейтаныс бойжеткен суретке түсіріп алады. Ол суретті Майклге жіберуге уәде беріп, оның электронды поштасының мекен-жайын жазып алады. Өкінішке орай, Майкл өзінің поштасын қате жазады. Үмітін үзбеген жігіт ертесі күні Facebook желісінде келесі хатты жариялайды.

“Қымбатты достарым! Кеше Фионама ұсыныс жасадым. Осы сәтті бейтаныс бір қыз суретке түсіріп алған еді. Бірақ, мен толқып тұрып оған поштамның мекен-жайын қате жазып жіберіппін. Әрине, ол бейтаныс бойжеткенді табу қиынға соғады. Бірақ, өмірде таңғажайыптар жиі болып жатады ғой. Мен ұсыныс жасаған жердің суретін осы жерге жүктедім. Егер әлгі сурет табылып жатса, мен бақытты болатын едім”, – деп жазады ол желідегі парақшасына.

Осы жазбадан кейін Майклге мыңдаған адам көмектескілері келетіндерін жазып, жазбаны ары қарай бөлісіп отырған. Әлгі бейтаныс қыз кәсіби фотограф болып шықты. Ол да әлгі суретті желіге жүктеп, жазба қалдырған екен.

“Бұл бір тамаша кеш болды. Мен достарымызбен бірге отырған бардан шыққан болатынмын. Қар жауып тұрған сәтті пайдаланып, бірнеше сурет түсіруді жөн көрдім. Алыста тұрған жұпты байқап қалып, оларды да суретке түсіріп алдым. Жігіт тізерлеп тұрып сүйіктісіне ұсыныс жасаған болатын. Сәлден кейін оларға жақындап, суретті жіберу үшін электронды пошталарын жазып алдым. Ол қатты толқып тұрған еді. Кейін қоштастық. Олар маған шабыт сыйлады. “Дәл қажет жерде, қажет уақытта табылу” деген осы шығар”, – деп жазады бойжеткен.

Майкл бойжеткенмен хабарласып, одан бірден суретті сұрап алған. Ертесінде қос ғашық әлгі суретшімен жолығып, оған бетпе-бет алғыстарын айтқан. Бұл оқиға – өмірде таңғажайыптың бар екеніне тағы бір дәлел.


Жіберіп алмаңыз:

Сізді ұзақ ойлануға мәжбүрлейтін 22 сурет

Бақытты отбасы өмір бойы ипотека төлемеудің оңтайлы жолын тапқан (фото)

Милиция өзін Роналдумын деп таныстырды (видео)

40 жастағы қалыңдық өз тойында марқұм ұлымен “қайта қауышты”

Талқылау