Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен өзге қыздарға үлгі болу үшін аяқ пен қолтығының түгін алмайды (фото)

Фитнес-блогер Морган Майкнас аяғы мен қолтығының түгін 2016 жылдың қаңтарынан бастап алмаған. Ол осылайша өзге қыздарды табиғи сұлулығына сүйсінуге шақырады.

0_1cc329_944d5b7b_orig

Морган 12 жасында аяқ жүнін алмағаны үшін сыныптастарының өзін мазақ қылғанын айтады. Енді бойжеткен денесіндегі түктерді алмайтынын, оған көп уақыт кететінін айтады.

«Аяқтарғы түктер былай қарағанда әдемі көрінеді. Қолмен ұстағанда жұп-жұмсақ. Егер оны қырып тастасаң, денең қатты болып қалады. Орны бөртіп, қышиды. Тікенек болып өседі. Сондықтан денемдегі түктерді алмаймын», – дейді ол.

0_1cc329_944d5b7b_orig

Морганның айтуынша, егер ата-аналар балаларын денесіндегі табиғи сұлулықты жақсы көруге үйретсе, олар өмірде әлдеқайда мейірімді болар еді.

«Адам өзімен өзі болу үшін, өзгелердің не ойлайтынына бас қатырмау керек. Өзіңдегі барды жасырмасаң, еркін өсесің. Өзгелерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүресің», – деп жазады Морган.

Тағы да оқыңыз:

Келіншек көңіл білдіріп жүрген жігітін бірінші кездесуде құтқарып қалды

Екі жыл бұрын жарты баспен туған бала қалай өмір сүруде? (фото)

Моңғолия астанасының атауын Ұланбатыр деп қазақтың біртуар азаматы қойған

Талқылау