Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен оралман жігітімен қосылуға тыйым салған әке-шешесіне ренжіп жүр

Бойжеткен айналадағылардың барлығы қызыға қарайтын махаббаты туралы айтып берді. Бірақ, сүйіктісі оралман болғандықтан, екі тараптың ата-анасы қос ғашықтың некелесуіне қарсылық білдіріп отыр екен. Осы орайда, бойжеткен өз бетімен шешім қабылдауға қиналып отырғанын айтып, жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

love-1716825_960_720

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Көптен бері жүрегіме маза бермей жүрген ойымды бөліспекпін. Менің жасым жиырма бірде, ал жігітім жиырма үш жаста. Бір-бірімізді сүйеміз. Оның шылым шегу, ішімдік ішу деген сияқты жаман әдеттері жоқ. Бірақ, оралман. Сол себепті, ата-анам мен ағам екеуіміздің сөйлесуімізге қарсы болып отыр. Оның отбасы да мені ұнатпайды. Жігітімнің өзі бірде үйленіп бірге болғысы келетінін айтады. Енді бірде екі жақтың қарым-қатынасымызға қарсы екенін сөз етеді. Оның да отбасы мені көп ұната бермейді. Осылай жүргенімізге екі жарым жыл болды.

Ата-анамыздың қарсылығын ескеріп айырылысып кеттік. Бірақ, 1-2 күннен кейін шыдамай қайта қосылдық. Бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Айналадағылардың барлығы бізге қызғана да, қызыға да қарайды. “Бір бірлеріңе сайсыңдар. Неткен бақытты жан едіңдер?!” деп айтады. Құдайға шүкір, дәл қазір біргеміз, бақыттымыз. Бірақ, ертең бірге бола алмайтынымыз жүрегімді қан жылатады. Ата-анамыздан асып, ақ батасын алмай қайда барамыз? Не істесек болады? Бір-біріңді сүйе тұра бірге бола алмайтыныңды мойындау сондай ауыр еді”, – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек құрбысына көз салып, өзін үйден қуып шыққан күйеуіне қайтып барғысы келіп жүргенін айтты

Бейсен Құранбек қолы жоқ баланы жігерлендіріп, мектепке орналастыруға уәде етті

Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Талқылау