Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен желіде танысқан сүйіктісіне алданып секс-құлдыққа түскенін айтып берді (видео)

Алаяқтықтың құрсауына түсіп секс-жиһад жолында алданған қыз өз басынан өткен оқиғаны айтып берді. Жүзін жасырған келіншек видеоны өзі түсірген.

р

Желіде ер азаматпен танысып, соның етегінен ұстап Дағыстанға кете барған қыздың өкініші көлдейді. Ол тағдырын жылай отырып баяндап берді.

«Мен сіздерге басымнан өткен оқиғаны айтып бергім келеді. Қазір өте ауыр күйде боғандықтан, ол жайлы мүлде еске алғым да келмейді.  Мен оқуымды бітірген соң мемлекеттен кішігірім баспана алдым. Оқу оқып жүргенде бір қызбен таныстым. Ол жігіті екеуі маған Алла жолын көрсетіп, үйрете бастады. Мен тура жолға түсіп, намаз оқи бастадым. Осыдан 2 жыл бұрын Одноклассники желісінен Расул есімді жігітпен таныстым. Ол маған Ислам негіздерін үйретіп, кеңес беріп жүрді. Біз араласа келе бір-бірімізді жақын тартып кеттік. Сосын ол біздің елге келіп, екеуміз үйлендік. Үйленген соң ол мені өзімен Дағыстанға алып кетті. Біз оның пәтерінде тұрдық. Алайда, ол мені туыстарымен таныстырған жоқ. Кейде із-түссіз жоғалып кетеді», – деп таусылады ол.

«Бірде ол маған бауырларына көмек керек екенін айтып, елдегі үйімді сатуымды сұрады. Біз Дағыстанда тұрғандықтан ол үй бос болатын. Сосын мен ол үйді сатуға келістім. Бірақ ол үйдің ақшасынан өзімізге ешнәрсе алған жоқпыз. Оны бауырларына қайырымдылық жасау керек деді. Кейін біз басқа жерге көшіп барып, онда бауырларымен кездестік. Расул үшін бәрін істедім. Оны жақсы көдім. Ол ара-тұра жоқ болып кететін. Бірде оның жақын танысы келіп, Расулдың қаза болғанын, шәйіт кеткенін айтты», – дейді келіншек.

Ол бұдан арғы тағдырының ауыр болғанын, небір сұмдықты өткергенін ашық баяндай бастады.

«Ол маған басу айтып, көмектесетінін жеткізді. Сөйтіп жүріп ол мені әйелдікке алды. Екеуміз бірге тұра бастадық. Бірақ бұл оқиға қайталана берді. Оның да қайтыс болғанын айтып, мені Мұса есімі азамат әйелдікке алды. Бір күні мен Расулдың көз жұмбағанын, оның қалада көңіл көтеріп жүргенін кездейсоқ біліп қалдым. Ол  үйімді сатқызып, мені алдап пайдаланып келген екен. Мен қазір жүктімін. Сәбиім 7 ай болды. Бірақ оның әкесі кім екенін білмеймін. Бұл жағдайдың Исламға еш қатысы жоқ. Мен өзім адастым. Мен енді не істерімді білмеймін. Ешкімнен ақша, ешнәрсе сұрамаймын. Тек өзгелердің осылайша алданып қалмауы үшін сабақ болсын деймін», – егіліп отырып өзге қызардың дәл өзіндей алданып қалмауын сұрайды.

Келіншек камера алдында тұрып өзінің жүктілігін де көрсетеді. Өткен істі өзгерте алмайтынын түсінген ол осылайша өзгелер үшін сабақ болсын деп бәрін ашық айтуды ұйғарыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жалаңаш қазақ қыздары ер азаматтарға массаж қызметін ұсынуда (видео)

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып мені бір түнге сұрағандар да болды

Қазақстандағы шашы ең ұзын 7 бойжеткен (фото)

Талқылау